Бұл көшелерде заманауи технология қолданылып, арнайы қоспа арқылы жолдың негізгі қабаты және бір қабат асфальт жабыны төселуде. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігі өздерінің Facebook парақшасына жазды.

Жөндеу жұмысын мердігер - «Айдана» ЖШС белгіленген стандарттарға сәйкес атқаруда. Аталған жұмысты екі ай ішінде толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бұл бастама 2024–2025 жылдарға арналған жоба аясында жүзеге асырылуда. Зачаган кентінде өткен жылы осы әдіспен 14 көше жөнделсе, биыл тағы 24 көшеде жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған.