20.07.2023, 9:30
Оқылды: 5

Зейнеп қола жүлдегер атанды

Иорданияның астанасы – Амманда әйелдер күресінен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтың бұрымды палуандары бақ сынап жатқан жарыста ел құрамасының қыздары да белдесуде.

img_4636-1

Фото: optimism.kz

Күні кеше бозкілемге шыққан батысқазақстандық Зейнеп Баянова намысты қолдан бермеді. 55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Зейнеп Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Р. Хамзин, М. Нарегеевтің қол астында жаттығатын Зейнеп әлі талай жарыста жүлде алады  деген  сеніміміз мол.

 

Арал Болпышұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале