17.12.2021, 14:30
Оқылды: 105

Зейнетақы жинағын депозитке аудару: Алты сағат ішінде 30 млрд. теңге алуға өтінім берілді

Зейнетақы қорындағы жинақтар есебінен депозиттерді толтыру мүмкіндігі пайда болғаннан кейін 6 сағат ішінде қазақстандықтар 30 млрд. теңге алуға өтінім берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат банктің желідегі парақшасына сілтеме жасап.

D54EC387-D7A2-4C33-A48B-2C3CCE6F4F6E

«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - зейнетақы жинақтарын Отбасы банкіндегі депозитке аудару мүмкіндігі пайда болған алғашқы 6 сағатың ішінде қазақстандықтар өз депозиттеріне 30 миллиард теңге аударғуға өтінім берген», - делінген банк хабарламасында.

Ол үшін enpf-otbasy.kz онлайн-платформасына ЭЦҚ көмегімен кіріп, «Мақсатты таңдау» пернесін басып, «Тұрғын үй сатып алу» бөлімінде «Одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинақ салымын толықтыру» деген мақсатты таңдау қажет.

Еске салсақ, 16 желтоқсаннан бастап enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында - «Отбасы банкіндегі салымды толықтыру» батырмасы пайда болды.

Сонымен қатар Зейнетақы жинағын банктегі депозитке аударған соң үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.

2022 жылдың 1 қаңтарынан біржолғы зейнетақы төлемін алудың жеткіліктілік шегі 1,8 есе көтерілетіні мәлім етілген болатын. Кейін ҚР Президенті шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале