15.01.2026, 18:00
Оқылды: 64

Зейнеткерге екі күрделі ота сәтті жасалды

- МӘМС жүйесі аясында қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінде бауырыма екі мәрте операция жасалды. Бас миындағы қан тамыры жарылып, миға қан құйылғандықтан шұғыл әрі күрделі операция жүргізілді. Сол операция нәтижесінде жағдайы айтарлықтай жақсарды. Кейін қажеттілік туындап екінші рет басына шунттау операциясы жасалды. Дер кезінде кәсіби көмек көрсетіп, апамыздың өміріне араша түскен дәрігерлерге алғысымыз шексіз. Бұрын апамыздың сөйлеуі қиын еді, ал қазір ойын анық жеткізіп, еркін сөйлей алатын деңгейге жетті, – дейді пациент Күнжамал Удированың сіңлісі.

WhatsApp Image 2026-01-15 at 17.09.55

Қалалық көпбейінді аурухананың нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Саламат Темірханұлының айтуынша, пациент ауруханаға жедел жеткізілген. Тексеру барысында бас миының қан тамырларында аневризма анықталған. Бұл – патологиялық түзіліс, оның жарылуы бас миына қан құйылуына әкелген. Осы диагнозбен науқас ауруханаға жатқызылып, шұғыл ота жасалған.
Отадан кейін науқастың жағдайы тұрақталып, біртіндеп қалпына келе бастаған.

– Бұрын мұндай аса күрделі жағдайдағы пациенттерге тек республикалық деңгейдегі медициналық мекемелерде ғана операция жасалатын. Ал 2021 жылдан бастап қалалық көпбейінді ауруханаға заманауи ангиограф аппараты орнатылғаннан кейін, осындай жоғары технологиялық операциялар өңірімізде сәтті жүзеге асырылып келеді, – деді нейрохирург Саламат Темірханұлы.

Сымбат Қыпшақбай,

әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының

Батыс Қазақстан облыстық филиалының бас сарапшысы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале