Атырау облысында 71 956 зейнеткер бар. Қарттар күніне орай, өңір әкімдігі мүгедектігі бар қарияларға біржолғы әлеуметтік төлем бермек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы редакциямыздың ресми сауалында берген жауабында айтты.
Атырау облысында 2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 71 956 зейнеткер тұрады.
- Мүгедектігі бар зейнеткерлерге қазан айында 7,5 АЕК (29 490 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленеді, - делінген жауапта.
2023-2025 жылдар аралығында “Теңізшевройл” ЖШС-нің қолдауымен жалғызбасты қарттар мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін 300 адам Атырау шипажайында сауықтырылды.