Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс айтты. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Фото: t.me/V_Zelenskiy_official
"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен қатар, мен Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым", - деп жазды Зеленский.
Еске салайық, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен еді.
Ақорда мәліметінше, екі ел басшысы Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылаған.