17.02.2023, 10:30
Оқылды: 121

Зеленский Қазақстанға алғыс айтты

Украина Президенті Владимир Зеленский Қазақстанға алғыс айтты. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

photo_109882

Фото: t.me/V_Zelenskiy_official

"Мен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Біз халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқыладық. Сонымен қатар, мен Қазақстанға Украинаны гуманитарлық қолдағаны үшін алғысымды айттым", - деп жазды Зеленский.

Еске салайық, 16 ақпанда Украина тарапының бастамасы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлескен еді.

Ақорда мәліметінше, екі ел басшысы Қазақстан мен Украина арасындағы гуманитарлық байланыстар мәселесін талқылаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале