14.02.2022, 12:10
Оқылды: 32

Зеленский Путинді 48 сағат ішінде шұғыл отырысқа келуге шақырды

Украина 48 сағат ішінде Ресей және 2011 жылғы Вена құжатына қол қойған барлық мемлекеттің шұғыл отырысын өткізуге шақырды деп хабарлады Zakon.kz.

31b914803a96484b8fa8e3f8af3abc5b

turkystan.kz жазуынша жиында Украина шекарасы маңында Ресей әскерінің шоғырлануын талқылауды ұсынып отыр. Бұл туралы осы елдің Cыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.

Оның айтуынша, Киев Мәскеуден Украина аумағына жапсарлас жатқан Ресей аймақтарындағы әскерлердің қозғалысына қатысты түсініктеме беруді сұраған. Бірақ әлі жауап алмаған.

Айта кетсек, Вена құжаты Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 2011 жылы қабылданған. Ол осы ұйымға мүше елдер арасында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале