30.07.2021, 9:24
Оқылды: 469

«Жайраңдап Жайық бойында» сайрандап, шалқып жүрді ақын

(Жалғасы. Басы газеттің сейсенбі, 27 шілде №60 санында)

Қасым 1930 жылы Семейден Алматыға келіп, халық ағарту комиссариатының жанындағы жұмысшы жастардың даярлық курсында төрт айлық курсты тәмамдаған соң жолдамамен Ленинград орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды.

касым — копия

Бірақ оқу ұнамай, оның үстіне денсаулығы да сыр беріп, Алматыға қайтып оралып, «Лениншіл жаста», сосын 1931 жылы «Қызыл әскер» газетінде қызмет істеген. Оралға Алматыдан 1932 жылы келген. Көп кешікпей облыстық «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке тұрған. Білім қуалап, бірақ әлі жөнді жолы бола қоймаған жеткіншекті білдей обкомның органы бірден жұмысқа ала қоюы екіталай. Сондықтан Оралға ат басын тіреген жас Қасымның облыстық газетке орналасуының қисынын іздеуге тура келеді. Қасым Оралға келген жылдары облыстық комсомол комитетінің жанынан «Комсомол ұрпағы» газеті шыға бастаған. Осыған қарап, Қасымның облыстық газетке қызметке орналасуына өңірлік жастар ұйымы баспалдақ болды ма деген ой келеді. Өйткені келген бетте-ақ, Қасым сол «Комсомол ұрпағы» газетінде мақалаларын жариялай бастаған. Мысалы, Қасымның осы басылымда «Советтік жастың бір күні» айдарымен «Күндік өмір» деп аталатын мақаласы жарық көрген. Бұл – ақынның «Екпінді құрылыс» газетіне тілші болып орналаспастан бұрынғы, комсомол белсендісі ретіндегі мақаласы. Бұрын республикалық жастар басылымында істеген, облыстық комсомол комитетінен де жағымды мінездеме алған жастың партияның баспасөз органына орналасуы қолайлы мүмкіндік қой.

Комсомол белсендісі ретінде сатылап өсіп, номенклатуралық жолмен келмеген жасқа облыстық комсомол комитеті бірден штаттық орын ұсына салмас. Бірақ танымал, талапты жасты кеудесінен де итермей, қоғамдық негізде тапсырмалар беріп, жазу қабілетін сынаған соң облыстық партия комитетінің баспасөз органы «Екпінді құрылыс» газетіне жастар тілшісі ретінде ұсынуы әбден мүмкін. Ал осы кезде облыстық газеттің жауапты хатшысы болып отырған Қасымды бұрыннан білетін әрі жерлесі, қарқаралық З. Сыздықов оның газетке жұмысқа алынуына ықпал етуі ықтимал дей аламыз.Демек, Қасымды Оралмен табыстырған – оның тағдыры.

Аманкелді Шахин, ақын,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 30 шілдедегі №61 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале