2.08.2021, 23:39
Оқылды: 416

«Жайраңдап Жайық бойында» сайрандап, шалқып жүрді ақын

(Cоңы. Басы «Орал өңірі» газетінің №60-61 сандарында)

Ақын Қасым аманжоловтың туғанына – 110 жыл

Осы жерде Қасымның Оралда тұрған үйіне қатысты әңгіме қозғай кетсек дейміз. Қасымды осы күнге дейін ор- натылған тақтада жазылғанын- дай, 1931-1936 жылдары Алек- сандр Карев көшесіндегі 69-үй- де тұрған деп келдік. Бір мезгіл ол үйде ақынның пәтер жалдап тұрғаны рас болса да, аттай бес жыл ғұмыры өткен шаһарда ақын тек сол бір ғана үйде тұрды десек, ақиқаттан алыстап кетер едік. Қасымның: «Сонау бір шетте, сонау үй Кетер ме, сірә, көңілден. Алушы ед тартып мені ылғи, Махаббат, жастық лебімен.

касым — копия
Терезе алды жас терек Тұр екен кімдер сүйеніп? Жүр екен кімдер еркіндеп, Жүрегін ұстап үйге еніп, – деп жырға қосқаны осы үй екендігі де қисынға келмейді. Ақынның өзі пәтерге жалдап тұрған үйге өзі қалыңдық іздеп, махаббат күйін шертіп барып тұруы мүмкін бе? Екіншіден, бұл үй қаланың қақ ортасында тұр. Қалалық ба- зар мен орталық даңғыл аралығындағы бұл тұс ешқашан шеткері жақ болмаған. Сон- дықтан жоғарыдағы жыр шумағын осы үйге орнатқан ескерткіш-тақтаның жанындағы бөлек тақтаға жазып қою да үйлесім тапты дей алмас едік. Иә, ол жыр жолдары бір кездері қаланың шеткі үйлерінің бірі болған Пугачев алаңындағы театр әртістері тұрған жатақханаға немесе Сақыпжамал тұрған, болмаса ақын ғашық болған,

Әзірге бізге беймәлім жан тұрған бір үйге арналуы бек мүмкін. Оралда шығып тұрған «Комсомол ұрпағы» газетіндегі (редакторы, кейін белгілі ғалым болған Зейнолла Тұрарбеков) «Советтік жастың күні» айдарымен жарияланған Қасымның «Күндік өмір» атты мақаласында Совет көшесін бойлап келе жатқан жүргіншілер сипатталады. Осындағы: «Ағылған халық. Соның ішінде «С» қарындас та келе жатыр екен. Жауқазындай жүзіне, жәудіреген көзіне көзім түсіп кетіп еді...» деген жолдар еріксіз назар аудартады.

«Комсомол ұрпағы» деп аталатын газет туралы бұрын ешкім ауыз ашқан емес. Бұл басылым туралы алғаш сөз қозғап отырған да қарағандылық қасымтанушы. Ізденуші М. Азбанбаев Қасымның Совет көшесінде тұрғанына осы тектес бірнеше дәлелдер келтіреді. Қасым бір мезгіл сол даңғыл бойында тұрғанын ашық айтпаса да, соған меңзейтін басқа да деректер жеткілікті.
Жақсы, Қасым тұрған Пугачев алаңындағы театр әртістерінің жатақхана үйі сүріліп кетті дейік.

     Аманкелді  Шахин, ақын,

Қазақстан  Жазушылар одағының  мүшесі

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 3 тамыздағы  №62 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале