26.07.2021, 23:39
Оқылды: 220

«Жайраңдап Жайық бойында» сайрандап, шалқып жүрді ақын

2021 жылғы қаңтар айының бастапқы күндерінің бірінде ұялы телефонымның «Мессенжеріне» қарағандылық танысым – Марат Азбанбаевтан хат түсті.

касым — копия

Қасым Аманжолов жайлы шығарма жазбақшы болып, материал жинақтап жатыр екен. Ақын өмірінің Орал кезеңін зерттеу үшін Ақ Жайық өңірінің бас шаһарында болып, дауылпаз ақын жүрген жерлерді көзімен көріп, мұрағатта отырып, құжаттармен танысқысы келетінін айтыпты. Оралға барғанда жергілікті мекемелерде болып, ақпарат құралдарына сұхбат беруіне, өңірдегі қасымтанушылармен кездесуіне көмектесуімді сұрап, байланыс телефоны мен электронды поштасын жазып жіберіпті. Байырғы танысымның Қасым Аманжолов шығармашылығына ден қойғаны мені бей-жай қалдырмады. Дереу келісімімді беріп, жауап жолдадым. Мараттың кәсіби мамандығы – заңгер. Мен оны көріп-білгелі Қарағанды облыстық сотында судьялық қызмет атқарып келеді. Рас, әріптестеріне қарағанда бір ерекшелігі – сөз өнеріне де жақындығы бар.

Республикалық басылымдарда мақалалары жиі шығады. Көп кешікпей, жаңылыспасам, 13 қаңтар күні-ау деймін, Марат маған қайта телефон соғып, 17 қаңтар, жексенбі күнге зайыбы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің шет тілдерінің теориясы мен тәжірибесі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Гүлбаршын Байқонысова екеуі Оралға ұшатын самолетке билет алғандарын, Оралға барғанда шамамен қай жерлерде болып, кімдермен кездескілері келетіндіктерін жобалап айтты да, қалғанын нақтылап ұйымдастыруды менің құзырыма қалдырды.

Аманкелді Шахин, ақын,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

 

Мақаланың толық нұсқасын облыстық «Орал өңірі» газетінің 27 шілдедегі  №60 санынан оқи аласыздар.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале