10.08.2023, 12:15
Оқылды: 253

Жайық Беріш атауы қайдан шыққан?

БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!!!

Шежіреден мәлім «Беріш» атауы алғашында аңыз-ертегілерде, кейіннен тарихи зерттеу еңбектерде кездесіп отыратын Кіші жүздегі байұлының белді тайпасының бірі.

ЖП ТЖ (2)

Осы Беріш қауымының іргелі аталарының бірі - Жайық аталығы. Көптеген аңызда (Еділ батыр, Жайық батыр, т.б.-З.Ш.) «Жайық» атауын өзенді мекендеген Жайық руының атына қойылған деседі. Бұл болжамдар ғалым Әлкей Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» еңбегінде жақсы талданған. Бүгінде көптеген ғалым «Жайық» өзенінің атауын «Жайық руының атауымен байланыстырған дұрыс», - деп санайды. Кейбір руларда тайпалық атаудан кейін рудың аты аталса, мұнда керісінше, алдымен рудың аты «Жайық» айтылып, кейін, тайпа атауы «Беріш» аталады.

Мұны ғалымдар «Жайық» атауының «беріштен» көп бұрын пайда болуымен байланыстырады. Құптарлық пайым. Өйткені, тайпалар рудан құралады десек, «Беріш» тайпасының одақтасуында алғашқылар қатарында «Жайықтар» бой көрсеткенге ұқсайды.

Содан «Жайық-Беріш» аталған деуге негіз бар.

Қалай болғанда да Жайықтардың Беріштің белді руы екенін ешкім жоққа шығармасы анық.

Зулхожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале