6.11.2024, 15:45
Оқылды: 64

«Жайық-Орто» орталығында МӘМС есебінен 77 ота тегін жасалды

МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға қажет кезде қосымша ақысыз медициналық қызмет түрлерін алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы  «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ  Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің бас сарапшысы Сымбат Қыпшақбай айтты.

c39639bd-2edf-4fd0-8649-cda028a3e0a5

МӘМС жүйесінің мүмкіндіктерін қолданып, Орал қаласындағы «Жайық-Орто» медициналық орталығында ота жасатқандардың бірі – 30 жастағы Шынар Маратқызы.

Оқыс оқиғаға тап болып, аяғын сындырып алған пациентке штифт темір салынған. Сүйегі біткен соң, темірді алып тастау үшін ота жасалды.

«Жайық-Орто» медициналық орталығында жыл басынан бері МӘМС есебінен 77 ота тегін жасалған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале