15.04.2024, 14:18
Оқылды: 26

Жайық өзені бойында су тасқыны қаупі төніп тұрған 84 елді мекен бар

БҚО төтенше жағдайлар департаменті ұсынған ақпарат бойынша Жайық өзенін жағалай орналасқан Орал қаласы мен Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Ақжайық аудандарында 84 елді мекен бар.

су орал дрон (1)
Бөрлі ауданындағы 9 елді мекеннің екеуінде ғана су басу қаупі жоқ.

Ал Жарсуат, Димитрово, Приуральный, Облавка, Бумакөл, Бөрлі, Қанай, Даниякөл секілді қалған жеті ауылда жағалауды бекіту жұмысы жүргізіліп жатыр.
Бәйтерек ауданының 20 ауылы Жайық бойында орналасқан болса соның алтауында су басу қаупі жоқ деп саналған.

Өзенді жағалай орналасқан 14 ауылда тасқынның алдын алу жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Теректі ауданында 7 елді мекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан болса, 12 ауылға қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл ауданда да барлық сақтық шарасы іске асырылып жатыр.

Ақжайық ауданының 31 елді мекені Жайық өзені бойында орналасқан болса, соның 6 ауылына қауіп жоқ. Қалған елді мекендер су тасқынын қауіпсіз өткізу үшін барлық сақтық шараны жүзеге асырып жатыр.
Облыс орталығы мен үш шағынауданда да су басу қаупі төнген.

Су тасу қаупі бар Зачаганск, Круглозерный, Желаев ауылдарында өзен жағалауларын бекіту жұмысы қарқынды.

Жалпы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыс аумағында 56,1 шақырым уақытша балдар соғылып, 60 мыңға жуық топырақ толтырылған қаптар салынған.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале