19.12.2025, 12:45
Оқылды: 175

Жайық өзені бойындағы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілуде

Орал қаласы маңындағы Жайық өзені бойында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін бұл нысандардың құрылыс барысын Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ардагерлер кеңесі өкілдері, қала әкімімен арнайы барып қадағалады.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 13.53.08 (1)

Өңір басшысы алдымен Орал қаласы, Круглоозерное ауылынан жоғары Жайық–Көшім суару-суландыру жүйесіне су алу құрылымы ауданында Жайық өзенінде жағалауды нығайту жұмыстарын қадағалады. Бұл құрылым облыстың 5 ауданын сумен қамтамасыз ететін маңызды гидронысан болғандықтан, Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінің бөгетсіз су алу аймағында өзен жағасын шайып кетудің алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында қолға алынды. Жоба аясында ұзындығы 1,928 км болатын жағалау бөлігі бекітіледі.
Жобаны 2026 жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланған.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 13.53.08

Одан кейін облыс әкімі Орал қаласы, Жайық өзені жағалауын Чичерная көшесінен Шамсудинова көшесіне дейін бекіту жұмыстары және Жайық өзені Шамсудинова көшесінен кемежайға дейін жағалауды бекіту жұмыстарын қадағалады. Жайықтың дәл іргесінде орналасқан аумақтар тұрғын үй көп және су тасқыны қаупі жоғары аймақ саналады. Осы қауіптің алдын алу мақсатында биыл жаз бойы жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілуде.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 13.53.07 (1)

Бұл жобалар өзен арнасының тұрақтылығын қамтамасыз ету, 300-ден астам тұрғын үйді ықтимал апаттардан қорғау мақсатында қарастырылған.
Жағалауды бетонмен бекітіп қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың жағада қауіпсіз әрі ыңғайлы жүруіне жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатыр.

WhatsApp Image 2025-12-19 at 13.53.07

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев жұмыс сапары барысында мердігерлерге нақты тапсырмалар беріп, аталған жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы қатаң бақылауда болатынын атап өтті.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале