Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта
20 Қаңтар 2022

Қазақстандағы коронавирус: Барлық өңір түгелге жуық - «қызыл» аймақта

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі
20 Қаңтар 2022

24 қаңтардан мектептер мен ЖОО-лар офлайн оқуға көшеді - Білім министрлігі

Жаңа демалыс кешені ашылды
19 Қаңтар 2022

Жаңа демалыс кешені ашылды

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының 4 құрылтайшысы бар
19 Қаңтар 2022

«Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының 4 құрылтайшысы бар

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы 7 банкте сақталады
19 Қаңтар 2022

«Қазақстан халқына» қорына түскен қаржы 7 банкте сақталады

«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады - Болат Жәмішев
19 Қаңтар 2022

«Қазақстан халқына» қорындағы әр теңгенің қайда жұмсалғанын ел көріп отырады - Болат Жәмішев

Жайық өзенінің тағдыры қалай шешіледі - Үкімет жауабы

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр еліміздің батыс өңіріндегі су ресурстары мәселесінің шешу жолдарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

57

«Жайық өзенінің экологиялық жағдайы Үкіметтің ерекше бақылауында. Соңғы жылдары жауын-шашын көлемінің аздығына байланысты Жайықтың жағдайы қиындап барады. Сондай-ақ, Сағыз, Ойыл, Жем өзендерінің суы да тартылып барады. Осы орайда аталған мәселені шешу үшін тиісті шаралар қабылданады», - деп жауап қатты Роман Скляр Жайық өзенінің тағдырына қатысты депутаттық сауалға.

Үкімет басшысының орынбасары Жайық өзенін ерекше мемлекеттік қорғауға алуға қатысты пікір білдірді.

«Соңғы уақытта Жайық өзенін мемлекеттің ерекше қорғауына алу мәселесі жиі қозғалып жүр. Осы тұста өзеннің негізгі ағысы Жайықтың жоғары бөлігінде, яғни Ресей Федерациясы жағына тиесілі екенін айтып өткен жөн. Жайық өзені бассейніндегі су шаруашылығы саласын үйлестіру 1996 жылғы 20 маусымдағы трансшекаралық су нысандарын қолдану және қорғау туралы ортақ хаттамаға сәйкес анықталған. 50% қамтамасыз ету – 7,79 текше метр, 75% қамту – 5,360 текше метр және 95% қамтамасыз ету – 2,97 текше метр», - дейді ол.

Депутаттық сауалға берілген жауапта айтылғандай, 2017-2020 жылдары Жайық өзенінің жылдық ағысы 10,6 текше метрден 4,5 текше метрге дейін азайған.

«Соған қарамастан Жайық өзенінің жыл сайынғы судың жиналуы 0,5 текше метрді құрайды. Сондықтан да Жайық өзенін ерекше мемлекеттік қорғауға алу мәселесі Ресеймен екіжақты қарастырылып жатыр. Ал өзеннің су шаруашылық жағдайы мен экологиялық жүйесін шешу Қазақстан-Ресей арасындағы 2021-2024 жылдарға арналған трансшекаралық су нысандарын қолдану және қорғау туралы ынтымақтастық бағдарламасы аясында шешіледі», - деді Р.Скляр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале