27.11.2023, 12:45
Оқылды: 110

«Жайық Пресс» медиахолдингіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін облыс әкімінің тапсырмасымен, БҚО Қоғамдық даму басқармасы басшысының бұйрығымен «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры лауазымына Дархан Зайноллаұлы Оразов тағайындалды.

IMG-20231127-WA0115

Жаңа басшыны ұжымға БҚО қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева таныстырды.

IMG-20231127-WA0120

Жиында Гүлжанар Болатқызы және ұжымдастары еңбек жолында облыстың дамуына, соның ішінде өңірдегі идеологиялық бағыттардағы жұмыстың атқарылуына көп үлес қосқан, 20 жыл бұрын аталған медиахолдингтің құрылуына тікелей атсалысып, соңғы үш жылдан астам уақыт бас директорлық лауазымды мінсіз атқарған Табылғали Сатқалиұлы Сапаровқа алғыс айтты.

c564b906-237a-47f3-af1f-900cd078e87a

- Мені бұл қызметке шақырған уақытта зейнет жасында болсам да бас тарта алмадым. Себебі осы медиахолдингтің қалыптасуына бір адамдай ат салысқан едім. Соңғы жылдары жоспарланған біраз жұмыс жүзеге асты деп ойлаймын. Осы уақыт ішінде басталған істерді жалғастыра алатын жас кадр тәрбиелеп, қызметтен кетуге екі жыл бұрын өтініш бергенмін. Міне бүгін сол ойым жүзеге асты. Барлық ұжымдасыма бірлесіп жұмыс жасаған үшін алғысымды айтамын. Мекеме тізгінін қолға алған Дархан Зайноллаұлына толағай табыс тілеймін, - деді Т.Сапаров.

IMG-20231127-WA0119

Ұжым алдында сөз алған мекеменің жаңа бас директоры басшылықтың өзіне білдірілген сенімі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да ұжыммен бірлесіп қызмет атқаратынын жеткізді.
Айта кетейік, Дархан Оразов 1988 жылы туған.

IMG-20231127-WA0118

Білімі жоғары.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмәмдаған.

Жалпы «Жайық Пресс» ЖШС-да 14 жылдан астам уақыт қызмет жасаған.

IMG-20231127-WA0114

Еңбек жолын 2009 жылы «Жайық Пресс» ЖШС баспаханасының операторы болып бастады.

- 2010-2011 жылдары - «Жайық Пресс» ЖШС-ның жазылымды ұйымдастыру маманы;
- 2011-2019 жылдары - «Жайық Пресс» ЖШС-ның жүйелік әкімгері.
2019 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жайық Пресс» ЖШС Бас директорының орынбасары лауазымын атқарды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале