Қала күніне орайластырылған "Жайық жүйрігі" бәйгесі басталды. Осымен төртінші мәрте өткізіліп отырған ат жарысын көруге келген ағайын көп.
Бәйге басына жиылған елді қала әкімі Миржан Сатқанов құттықтап, шабандоздарға сәттілік тіледі.
"Тай жарыс", 11 шақырымдық "Құнан бәйге", 21 шақырымға созылатын "Аламан бәйге" және 31 шақырымдық "Ұлы аламан" бәйгесінде үздіктер анықталады.
Сондай-ақ жергілікті жабы типті аттар жарысқан құнан жарысы ұйымдастырылды.
- Қала күніне орай бәйге ұйымдастырып жатырмыз. Бағы мен бабы келіскен шын мықты жеңіске жетеді. Биылғы жарысқа 130 жүйрік қатысуда,- дейді Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Армат Исанов.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz