13.12.2022, 9:17
Оқылды: 63

Жайыққа жүлде әкелді

Желтоқсанның 9-ында Ақмола облысының Көкшетау қаласында прозашы, драматург, ҚазКСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері Төлеген Қажыбаевтың туғанына 80 жыл толуына орай «Толғауы тоқсан Төлеген» атты республикалық ақындар мүшәйрасы өтті. Жыр додасына қатысқан әріптестеріміздің қанжығасы майланып оралды. Атап айтсақ, «Сырым елі» газетінің директор-редакторы Бауыржан Ширмединұлы ІІ орын еншілесе, облыстық «Орал өңірі» газетінің тілшісі Марлен Ғилымхан арнайы жүлдеге ие болды.  

ширмединулы

Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан 30 шақты ақын мүшәйраға екі шығармадан ұсынды. Олар ақын Төлеген Қажыбайға, көрікті Көкшетауға және  осы көркем де киелі топырақтан шыққан тарихи тұлғаларға арнау өлеңдер шығарды. Бас жүлдеге 1 млн теңге тігілді.

IMG-20221213-WA0000

Мүшәйраның соңғы кезеңінде үздік шыққан 9 ақынның барлығы да жүлдеге ие болды. Әріптесіміз Марлен Мәлікұлы «Төлеген – ғұмыр» және «Түзде жортқан батырлар» деген қос өлеңін арнады. Ал Бауыржан Ширмединұлы Кенесары Қасымұлына арнап «Хан Кене» атты поэма жазған. Сырлы өлеңді серік еткен жандардың өнеріне ақындар – Ерлан Жүніс, Алмас Темірбай, Ықылас Ожай және Аян Қажыбай, Нұртас Ахат сынды ғалымдар қазылық етті. Ақындар Төлеген Қыжыбайұлының зиратына барып, Құран бағыштады. «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының тылсым табиғатын тамашалады.

Ясипа Рахимқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале