6.04.2024, 18:50
Оқылды: 79

Жалған ақпарат шынайы жазаға ұшыратады

Брифингте БҚО прокурорының бірінші орынбасары Дәурен Омарғалиев азаматтарды мемлекеттің іс-әрекеті туралы хабардар ету шаралары жүргізіліп жатқанын да атап өтті.

телефон

Фото: көрнекілік zhaikpress.kz

Ол үшін пікір көшбасшыларынан және блогерлерден дүрбелең тудыруы мүмкін тексерілмеген ақпаратты таратпау сұралады.
- Жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Осыған байланысты барлық азаматқа көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін (қоғамдық тәртіпті бұзу, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатыны) қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін, - деді Дәурен Омарғалиев.
Айта кетейік, жалған ақпарат тарату Қылмыстық кодекстің 274-бабы бойынша жазаланады. Аңдымай сөйлегендер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Осындай дүрбелең уақытта тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз. Ел басына күн туған қиын кезеңде қоғамның бірлігі мен ынтымағы маңызды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале