10.04.2024, 21:28
Оқылды: 63

Жалған ақпарат таратқан Орал тұрғынына әкімшілік жаза қолданылды

Әлеуметтік желіде су тасқынынан зардап шеккендерге арналған азық-түлікті ұрлады деп айыпталған күзетшіге қатысты бейнежазба тараған болатын. Анықталғанындай Орал қаласының тұрғыны зардап шеккендерге көмектесу үшін азық-түлік сатып алып, оларды көліктен түсіре бастағаны және қалған азық-түлікке өзі барған кезде күзетшіге бергені белгілі болды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

Полиция ЖП

Барлық өнімді түсіргеннен кейін Орал қаласының тұрғыны оларды су тасқынынан зардап шеккендерге тапсырды. Осы сәтте бейнежазбада түсініспеушілік болды.

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында осы факті қаралды.

Видеоға түсірген азаматқа қатысты сот қаулысы бойынша 10 (он) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Осыған байланысты БҚО Полиция департаменті азаматтардан жалған ақпарат таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале