11.03.2024, 12:45
Оқылды: 65

Жалған шот-фактураларды жазып берген

Шымкент тұрғыны жұмысты нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ЖП АҚША

Аталған фактіні ҚМА аймақтық департаменті тергеді.
Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 миллион теңге салық түспеген.

Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар 15 миллион теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 миллион теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале