Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушылары арасында өтуде.
Олимпиада әр оқу жылында төрт кезеңде өтеді. І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңде, мектепте өз күшін, интеллектуалдық әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Қараша айындағы өткізілген мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 11383 оқушы қатысты.
ІІ кезең – аудандық (қалалық). Аудандық (қалалық) кезең 2021 жылдың 8-12 ақпанында аудандық және қалалық білім білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 4645 оқушы қатысты.
ІІІ - облыстық кезеңге аудандар мен қаланың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен барлығы 504 оқушы қатысады.
Қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты - Өтебай Құспанұлы Құспанов. Қазылар алқасы құрамына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары шақырылып, жұмыс жасайды.
Олимпиада үшінші кезеңінің тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесімен дайындалған.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі