22.02.2021, 11:01
Оқылды: 281

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ кезеңі басталды

Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептер оқушылары арасында өтуде.

F1FE6BFD-3C4B-461B-AAD2-881E766B7B62

Олимпиада әр оқу жылында төрт кезеңде өтеді. І кезең – мектепішілік. Бұл кезеңде, мектепте өз күшін, интеллектуалдық әлеуетін тексеру үшін барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Қараша айындағы өткізілген мектепішілік олимпиадаға жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерден 11383 оқушы қатысты.

ІІ кезең – аудандық (қалалық). Аудандық (қалалық) кезең 2021 жылдың 8-12 ақпанында аудандық және қалалық білім білім беру бөлімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бұл кезеңге 4645 оқушы қатысты.

ІІІ - облыстық кезеңге аудандар мен қаланың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінен  барлығы 504 оқушы қатысады.

D7EB74BA-2D29-49E4-86E8-2CA1B9B34A64

Қазылар алқасының төрағасы, педагогика ғылымдарының кандидаты -  Өтебай Құспанұлы Құспанов. Қазылар алқасы құрамына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары, оқытушылары шақырылып, жұмыс жасайды.

Олимпиада үшінші кезеңінің тапсырмалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының оқу-әдістемелік кеңесімен дайындалған.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале