11.02.2024, 13:00
Оқылды: 275

Жаман әкенің 5 белгісі

Дәрігер Евгений Комаровский өзінің Youtube-каналында жаман әкенің белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

IMG-20240211-WA0020

Фото: depositphotos.com

1. Ол бастысы отбасыны қамтамасыз ету деп ойлайды

Әрине, бұл пікірмен келіспеу қиын. Алайда егер әке бұл оның жалғыз жауапкершілігі деп ойласа, ол қателеседі. Көпшілік "сендер аш емессіңдер, тұратын жерлерің бар, мен пәтердің ақшасын төлеп отырмын, яғни мен жақсы әкемін" деп ойлауы мүмкін. Бірақ отбасыда қаржылық сұрақтар ғана емес, бала өміріне қатысу да өте маңызды. Оған қоса, дәрігер Комаровский мұндай еркек жаман әке ғана емес, сондай-ақ бақытсыз адам болуы мүмкін. Себебі ешқандай қаржылық міндет шынайы махаббатты ауыстыра алмайды.

2. Ол жүктілікке тек әйел дайындалу керек деп ойлайды

Дәрігер Комаровскийдің айтуынша, баланың дүниеге келуіне баланы көтермей жатып дайындалу керек. Жүктілік жайлы шешімді ата-ананың екеуі де қабылдау керек. Дәрігер мысал ретінде көлік сатып алуды келтірді.

"Сіз автомобиль сатып алуды ойласаңыз, оған жауапкершілікпен келесіз: теориясын оқисыз, жүргізуші куәлігін аласыз, автосалон мен автосервисті мұқият таңдайсыз", - дейді ол.

Ал балаға келгенде одан да жауапты болуыңыз керек.

3. Ол балаға не істеу керегін әйел жақсы біледі деп ойлайды

Дәрігер бұл пікірді қате деп санайтынын айтты.

"Әйеліңіз сіз секілді ештеңе білмейді. Ол үйренеді. Сондықтан сіз де үйреніңіз", - дейді Комаровский.

4. Ол баланың еміне қатыспайды

Евгений Комаровский өз тәжірибесінде ауырып қалған баласына дәрігерді жиі тек анасы шақыратынын байқағананын айтты. Сондай-ақ баланы анасы емдейді және ауруханаға апарады, дәрігер ұсыныстарын тыңдайды. Ал бұл кезде әкесінің өз жұмыстары бар. Алайда баланың денсаулығы әкеге де қатысты.

5. Ол баласының тәрбиесін ата-әжесіне тапсырады

Дәрігер Комаровский болашақ ата-аналарға ата-әже және басқа да туысқандарға үміт артпауға кеңес берді. Олар бала тәрбиесі сұрақтары бойынша мамандар емес.

"Егер мүмкіндік болса, өз аумағыңызға басқаларды кіргізбеуге тырысыңыздар. Барлық шешім бала қызығушылығына қарай емес, отбасы қызығушылығына сай қабылдануы керек. Кез келген шешім әкесінің немесе анасының өмірін нашарлатпауы керек, барлығына жақсы болуы керек. Барлығына баламен айналысу рахат сыйлау керек", - дейді Евгений Комаровский.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале