29.10.2020, 15:32
Оқылды: 14

Жаңа қаулы: ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар 7 тәулікке дейін карантинде болады

Қазақстан Республикасы аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік ПТР анықтамасы болмаса 7 күндей карантин стационарына жатқызылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6E96346A-54E6-4CFD-B429-7426C0A9D0F0

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті сайтында Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы №59 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

«Қазақстанға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады», - делінген құжатта. Еске сала кетсек, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әуе компанияларына ПТР тесті нәтижесі туралы анықтамасы жоқ жолаушыларды ұшаққа отырғызуға тыйым салу туралы шешімін ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі түсіндірді. ПТР анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызуға тыйым салу тек шетелдіктерге қатысты екені мәлім етілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале