1.09.2022, 17:15
Оқылды: 622

Жаңа мектеп ашылды

Білім күні Орал қаласында "Promontory Agjaiyg" халықаралық мектебі ашылды. Әлемдегі үздік білім беру тәжірибелерін тоғыстыра отырып оқытатын жаңа мектептің өзге білім ордаларынан айырмашылығы сол: бұндағы әр оқушының теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік туғызылған. Сонымен қатар шет тілдері де тереңдетіле оқытылады.

17

Әлемде алғаш болып ашылған жаңа мектеп табалдырын биыл 41 бүлдіршін аттады. Болашақта білім беру мекемесі 100 баланы қабылдамақ. Жаңа Қазақстанның жаңаша жастарын тәрбиелеуді мақсат еткен мектептегі алғашқы қоңырау шарасына облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

IMG-20220901-WA0050

- Ел болашағы - білімді жастардың қолында. Бүлдіршіндерімізге әлемдік үлгідегі білім беретін мектептің ашылғаны үлкен қуаныш. Бірнеше тіл меңгеріп, әлемнің кез келген жоғары оқу орнына түсе алатын жастарды тәрбиелейтін білім ордасының жұмысына сәттілік тілеймін. Отанымыздың атын алты қырдан асырар шәкірттер көп болсын,-деді өз сөзінде БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

18

Америкалық педагог Роберт Хеккерал мен қазақстандық Әмір Бекмұханов бірлесе қолға алған осындай үлгідегі білім ордасы алдағы уақытта Голландия мен Португалияда және АҚШ-тың Солтүстік Королина штатында ашылады деп күтілуде.

19

- Қазір мектебіміз қажетті құрал-жабдықпен толықтай қамтылды. Жеті ұстаз сабақ беретін болады. Мұғалімдердің барлығы қазақстандық, шетелде білім алып, тәжірибесі толысқан ұстаздар. Болашақта білім ұясын кеңейтіп, еліміздің басқа өңірлерінен келген оқушыларға да жағдай жасауға ниеттіміз, - дейді "Promontory Agjaiyg" халықаралық мектебі директорының орынбасары Орал Қыдыршаев.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале