27.08.2022, 17:45
Оқылды: 58

Жаңа оқу жылында 1 млн оқушы тегін ыстық тамақ ішеді

Жаңа оқу жылында 1 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

IMG_20220827_152114

«Ыстық тамақпен қамтамасыз ету бағытында жергілікті атқарушы органдардың болжамды ақпаратына сәйкес, 1-11 сыныптарда 3,3 млн-нан астам оқушы үшін 6 068 мектепте, 48 мыңнан астам бала үшін 441 мектепте буфеттік тамақтану ұйымдастырылады. Жаңа оқу жылында тегін ыстық тамақпен 1-11 сынып оқушыларының 30 пайызын, яғни 1 млн-ға тарта оқушыны, оның ішінде әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 442,1 мың оқушыны қамтамасыз ету жоспарланған», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің атап өтуінше, 8 өңірде әкімдіктердің бастамасымен мәслихаттардың шешіміне сәйкес, 1-4 сыныптардың 52 пайызы немесе 723 872 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. Олар: Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар облыстары, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалалары.

«Екі өңірде, атап айтқанда Ақмола және Маңғыстау облыстарында 1 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі», - деді Ғани Бейсембаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале