4.09.2024, 11:00
Оқылды: 52

Жаңа оқу жылында 500 мыңнан астам балаға мемлекеттен қолдау көрсетілді

Мемлекет әлеуметтік жағынан осал отбасылардағы 500 мыңнан астам балаға қолдау көрсетті. Биылғы жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына 22,2 млрд теңгеден астам қаражат аударылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі облыстық білім басқармаларына сілтеме жасап.

Мектеп ЖП / Гүлмира С.С

Қолдау атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардағы оқушыларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардағы мектеп оқушыларына көрсетілді. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметі бойынша, өтініш бергендердің 100 пайызы мемлекеттен қаржылай көмек алған.

«Бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі көмек көрсету механизмін, оның ішінде ата-аналардың есепшоттарына ақша аударуды жетілдіру бойынша шаралар қабылдаған болатын. Бұл шара ата-аналар мен балаларға киім-кешек пен оқу құралдарын жеткізушілерді өз бетінше таңдауға мүмкіндік берді, осылайша сапасыз тауарларды алуды болдырмайды. Биылғы жылы әрбір оқушыға орташа есеппен 45 мың теңге шамасында қаражат бөлінді», - деп атап өтті Балалардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жыл сайын 30 қыркүйекке дейін жалғасатын «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бүгінгі күні акция аясында ондаған мың отбасы демеушілердің көмегіне ие болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале