5.11.2021, 15:17
Оқылды: 57

Жаңа өмір жаңа мүмкіндіктен басталады

Енді жас ата-аналар дүниеге келген бала үшін алатын мемлекеттік жәрдемақыны үйден шықпай-ақ рәсімдей алады.

2021

Үйден шықпай, қашық­тан қолдануға болатын қызметтің саны күн сайын ар­тып келеді. Мысалы, азық-түлік пен тамаққа тапсырыс беру оп-оңай. Киноға, тіпті басқа елге бару үшін де билет сатып алу әлде басқа қалаға ақша аудару – бірнеше түртумен орындалатын қызметтердің бірі. Ешқандай мәселе жоқ. Бастысы, интернетке қосылған смартфоныңыз болса жеткілікті. Шынын айтсақ, электронды қызмет түрлері біздің өмірімізді қаншалықты жеңілдеткенін байқамайда қалдық. Естеріңізде болса, бірнеше жыл бұрын жаңа туған нәрестеге жәрдемақы алу үшін ата-аналар әр түрлі бөлімдерден бірнеше анықтама жинап, содан кейін оларды әлеуметтік қамсыз­дан­дыру бөлімдеріне өткізу, банк бөлімшесіне жүгіну керек еді. Барлық жерде кезек, жоғалған уақыт, артық шығын, шаршаған  жүйке...

Сонымен, жоғарыда айтылған қызметті телефоныңыздың көмегімен қашықтан, ешқайда бармай, үйде отырып қалай қолдануға болады? Дәл осы жағдайды ескеріп, Halyk Bank Halyk Homebank мобильді қосымша сында бала туу бойынша мемлекеттік жәрдемақыны онлайн ресімдеуге және алуға  мүмкіндік  берді.

Halyk Bank – әлеуметтік төлемдерді есептеу бойынша негізгі оператор. Банктің мобильдік қосымшасында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынудың тұтас модулі бар және жақында ол жаңа сервиспен толықтырылды. Атап айтсақ, жас ата-аналар Halyk Homebank қосымшасы арқылы жәрдемақы ресімдеп, қашықтан өтінім жолдай алады. Ыңғайлы болу үшін ата-аналарға тиесілі екі мемлекеттік төлем – бала туу және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша біржолғы жәрдемақы төлемі бір өтінімге біріктірілген  және  бұл  басқа  платформаларда жоқ.

– Жәрдемақы алуға өтінім беру үшін Halyk Homebank қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру, «бала тууы бойынша жәрдемақы» бөлімін таңдау, баланың деректерін растау және өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет. Өтінімді жібергеннен және оны мақұлдағаннан кейін тағайындалған төлем сомасы туралы хабарлама келеді. Сондай-ақ қызметті ба­ла  туғаннан  кейін  бір  жылішінде кез келген  уақытта рәсімдеуге  болады, – деді Halyk Bank мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Нариман  Мукушев  жаңа  қызмет  туралы.

2020

Halyk Bank қазіргі уақытта қазақстандықтардың банкке бармай-ақ түрлі қызметтерді жедел әрі оңай қолдануы үшін жұмыс істеуде. Мысалы, Halyk Homebank қосымшасында автокөлікті қайта ресімдеу, жәрдем ақыға арналған арнайы карта ашу, біржолғы зейнетақы төлемдерін алуүшін шот ашу, цифрлық құжаттар бойынша қызмет көрсету, ХҚКОQR-мен төлеу және басқа да пайдалы сервистер қолже­тім­ді. Енді оларға «дүниеге келген балаға берілетін жәрдемақы» қызметі қосылды. Оны тіркеу және қабылдау өте қарапайым әрі ыңғайлы. Сондықтан  бұл  қызмет  жас  отбасылар  арасында  кеңінен  сұранысқа  ие  болады.

Айгерім  Байжұманова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале