22.12.2025, 15:30
Оқылды: 1539

Жаңа тағайындау

«Жайық Пресс» медиахолдингіндегі кадрлық өзгерістерге байланысты, Бас директор Дархан Оразовтың бұйрығына сай аталған медиахолдингінің коммерциялық бөлімі басшысы лауазымына Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Гүлзара Төреғалиева тағайындалды.

WhatsApp Image 2025-12-22 at 15.58.24

Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС Бас директоры Дархан Зайноллаұлы Гүлзара Тілекқабылқызын ұжымға таныстырып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Төреғалиева Гүлзара Тілекқабылқызы 1987 жылғы 11 қазанда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. 2004 жылы Орал қаласындағы №19 жалпы білім беретін орта мектепті бітірген. 2004-2007 жылдары «Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжін» техник-программист мамандығымен тәмамдап, 2007-2011 жылдары аралығында «Батыс Қазақстан инженерлік гуманитарлық университетін» есептеу техникасы және бағдарламалық қамтама бакалавры мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын С.Ғұмаров атындағы көркемөнер мектебінде аудармашыдан бастады. Әр жылдары «Copy&Com» ЖШС-де оператор-сатушы, «Чертихин В.Е.» жеке кәсіпкерлігінде кассир-іс жүргізуші қызметтерін атқарған. 2017-2022 жылдары Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінде корректор, тілші, жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін Жәнібек аудандық «Шұғыла» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы қызметін атқарып келді.

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале