18.02.2021, 17:08
Оқылды: 242

Жаңа жабдықтармен қамтылды

Орал политехникалық колледжінде «Жас маман» жобасы аясында оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында сатып алынған заманауи құрал-жабдықтардың таныстырылымы өтті.

E3C6C195-605A-4A8D-98B9-B668C37469BF

 Шараның негізгі мақсаты – білім беру бағдарламасын жетілдіріп, оқу үдерісіне енгізілген жаңа жабдықтарды оқытушылар мен өндіріс шеберлері арқылы білім алушыларға үйрету.

– «Жас маман» жобасын іске асыру үшін БҚО білім басқармасы арнайы комиссия тағайындап, облыстық деңгейдегі 35 колледждің ішінен 10 колледжді таңдап алды. Соның ішінде Орал политехникалық колледжі де бар. Бүгінгі таңда 213 млн теңгеге ашық тендер арқылы құрылыс мамандықтарына арналған соңғы үлгідегі бірнеше қажетті құрал-жабдық сатып алынды. Атап айтсақ, «CO LASER MACHINE» лазерлі жоңғыш станогы, «CNC ROUTER» фрезерлік-жоңғыш станогы, «Jet jwl-1443lb-m» токарлы станогы, бояу құрылғысы, «Welding Standart виртуалды дәнекерлеу тренажеры және тағы да басқа құрылғылар. Оқытушылар мен өндіріс шеберлері жаңа жабдықтарды пайдалану туралы оқудан өтіп, арнайы сертификаттарын алды. Енді бұл тәжірибені студенттерге үйретуді қолға алудамыз. Аталмыш оқу ордасы құрылыс мамандарын даярлайтын болғандықтан, қаламыздағы барлық құрылыс компаниясымен тығыз байланыстамыз. Бүгінде колледжімізде бес мамандық бойынша 568 студент білім алуда, – дейді аталмыш колледждің директоры Нұрболат Нұрпейісов.

Тұсаукесер шарасына «Одтелстрой», «Домостроитель», «Орал Полимер» сынды облыстағы ірі құрылыс компанияларының өкілдері қатысты. Бұдан әрі жұмыс берушілер сатып алынған жабдықтармен және тәжірибелік сабақтардың үлгісімен танысты.

 Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале