31.12.2024, 12:00
Оқылды: 179

Жаңа жыл қарсаңында құрмет көрсетілді

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы А.Г.Балаева өңірлік комиссиялардың жұмысына белсенді қатысып жүрген тұлғаларға ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.

293f75a7-f625-4751-9163-918d17a4f15f

Батыс Қазақстан облысында марапаттау рәсімі әкімдіктің «Астана» залында өтті. Іріктелгендер қатарына «Қазақстан» республикалық телерадио кешені Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Қамбетова Клара Мусақызы, БҚО полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Сұлтанғалиев Ернар Тимурұлы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Губайдуллина Айнаш Жұбанышқызы болды.

235eced6-f5e5-4fff-b19d-b6c1284148e5

Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Меңдіғалиев, сондай-ақ облыс әкімінің кеңесшілері қатысты.

cafeb259-edc2-4b0b-80cd-479e7ec6dbac

148dc1e7-42a5-4a47-8001-ff9aac0a96d4

c9f4a877-823b-4377-bb04-3ba2931fa923

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале