5.11.2024, 18:00
Оқылды: 102

Жаңақала тұрғынына МӘМС есебінен ота жасалды

Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Кукеновтің ұйымдастыруымен, акушер-гинеколог Маржан Копбосынованың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға МӘМС есебінен жоспарлы ота жасалды. Бұл туралы Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.

7d57be1f-1550-438c-a19c-3da1c00d9f04

Науқас соңғы бірнеше айда іштің төменгі аймағының ауырсыну шағымдары арқылы келген. Шағымдар мен аурудың тарихы, объективтілігі, УЗИ тексерулер және зертхананың мәліметтері бойынша диагноз қойылған. Белгілі болғандай оған «сол жақ жатыр түтігінде гидросальпкинс» диагнозы қойылды.

Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті. Отаның түрі: «Лапаротомия, кистоэктомия, тубоэктомия».

7d57be1f-1550-438c-a19c-3da1c00d9f04

Сәтті жасалған ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдап жатыр. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы.

Ота жасағандар құрамында акушер-гинеколог Маржан Советқызы, ассистент хирург Нуппаев Дамир, анестезиолог-реаниматолог Ахатжан Маршалұлы бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале