Жаңақала аудандық ауруханасының директоры Дәурен Асылбековичтың ұйымдастыруымен, акушер-гинеколог Маржан Копбосынованың жетекшілік етуімен жаңақалалық тұрғынға күрделі ота жасалды. Лапаротомия, жатыр мен түтіктерді экстирпациялау отасы МӘМС есебінен тегін өткізілді.
Науқас жоспарлы операциялық емдеуге жатқызылып, отадан сәтті өтті. Сәтті жасалынған ота нәтижесінде науқас палатаға ауыстырылып, тұрақты емін қабылдауда. Науқастың қазіргі жағдайы тұрақты.
Ота жасаған құрам: дәрігер акушер-гинеколог Копбосынова Маржан Советовна, ассистент-хирург Нуппаев Дамир Талғатович, анестезиолог-реаниматолог Асанханов Ахатжан Маршалұлы, анестезист Шакетов Жандос Амангельдыевич, операциялық мейірбике Ерланова Гулбану Ерланқызы, санитарлық тазалықшы Махметова Күнсұлу Ибатқызы.
Жаңақала аудандық ауруханасының баспасөз қызметі