28.04.2023, 15:45
Оқылды: 121

Жаңаөзенде болған жарылыстан кейін ауруханаға түскен екі адам қаза тапты

Жаңаөзендегі жарылыстан кейін ауыр халде Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген 46 және 51 жастағы екі ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
21e6223b37a8458fa54bf6067769012d

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көпсалалы аурухана дәрігерлерінің айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажет көмек көрсетілген.

"Өкінішке қарай, дәрігерлер оларды аман алып қала алмады, олардың жағдайы өте ауыр болды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", – деп хабарлады облыстық аурухананың баспасөз қызметі.

Сәуірдің 17-сі күні таңғы бестер шамасында Жаңаөзендегі екінші шағын аудандағы көпқабатты үйде газ жарылды.

Кейін дереккөздің айтуынша, көпқабатты үйде жарылған газ баллоны емес, табиғи газ жарылғаны белгілі болды.

Жаңаөзендегі жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале