"ҚазМұнайГаз" Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: ҚР ТЖМ
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан қаза болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді. Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - делінген хабарламада.