30.06.2021, 10:48
Оқылды: 56

«Жанартау жыр» поэтикалық дуэль балы өтті

Биіктік пен тереңдіктің жыр бәйгесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды. Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше таланттарды тану, жас ақындар мен оқырман қауымның арасындағы байланысты нығайту, ақындарды қолдау мақсатында 2021 жылдың ақпан айында І облыстық «Жанартау жыр»  поэтикалық дуэлі басталды. Жас ақындардың өлеңдері арнайы бейнетүсірілім жасалып, әлеуметтік желіге жарияланды.

 8

Поэтикалық дуэльге Жаңақала, Жәнібек, Сырым, Қаратөбе, Казталов, Тасқала және Орал қаласынан 18-29 жас аралығындағы 10 ақын қатысып, шабытты өлеңдерін жолдады.

29 маусым күні Салтанат сарайында дуэль балымен жалғасып, бал бағдарламасы «Дуэльден кейінгі бал», «Поэзиялық тілдесу», «Жыр қағаны»  марапаты», «Лирикалық сәттермен» айшықталды.

9

Ақындар балына облысымызға танымал ақындар А.Нәріков, Ғ.Сейтақ, Д.Мұштанова, Ү.Елеубаева, С.Бисенғалиев, Д.Нұрашева, С.Карабалина, Қ.Мәдір, Т.Таймасұлы, Е.Бимұханов т.б. жыр кешінің мәртебелі мейманы болды.

Поэзияға толы ақындар әлемінде Халықаралық жыр-байқауының жүлдегері, «Тұран Биримдиги»,  «Алтын қалам» медалінің иегері, ақын, ғалым-ұстаз, тәлімгер-педагог, «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы, бәйге бермес жыр тұлпары бар, туған өлкесінің мықты ақыны Асантемір Қаршығаұлы, жас дарын Жанерке Төлеген өлең жолдарын арнаса, М.Балмолда, Б.Халиолла, А.Рахметовтің өлеңіне жазылған Ж.Ғайсағалиев, Е.Ақбасовтың «Өмірде сен бар екеніңе», «Махаббат жағалауы», «Шерлі шағала» әндерін Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншісі Д.Есентеміров, Е.Ақбасов, Д.Жағыпарова, М.Оразов, саксофонмен сүйемелдеген А.Сапарғалиев тарту етті. Сонымен қатар «Назерке» халық би ансамблі әсем биімен көркемдеді.

2

Қияға самғар ақындардың «Жыр қағаны» әрбір көрермен аға ақындардың бағалауымен анықталды. Ақындар балын облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры М.Жұбатов қорытындылап, марапаттарды табыстады.

6

«Жыр қағаны - 2021» аталым және Бас жүлдені Ғилымхан Марлен (Орал), І орынды Шамұратов Дәурен (Орал), ІІ орынды Бақиев Азамат (Жаңақала), ІІІ орынды Бақытжанова Айзада (Қаратөбе) иеленсе, Лұқпанов Меңдібек (Тасқала), Мусин Әли (Сырым), Насиев Төрехан (Жәнібек), Саматов Райымбек (Казталов), Қадырқұлов Нұртілеу (Жаңақала), Рахимова Инабат (Орал) алғысхат иеленді.

 

Суреттерді түсірген Эльвира Меңдіғали

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале