17.05.2022, 10:45
Оқылды: 136

Жаңашылдық өзгерістен басталады

Орынбасар Төлемісов, 

«Аманат» партиясының Бөрлі аудандық филиалының атқарушы хатшысы:

53BC8190-0B3C-47B5-BA35-178C15AF4627

– Қазақстан тағы бір айтулы тарихи белестің алдында тұр. Елдің Ата заңына өзгерістер енгізу бойынша 5 маусымда бүкілхалықтық референдум өтеді. Осы республикалық референдумды өткізу туралы Жарлыққа қол қою арқылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстан құруға халықтың өзін тартуға әзір екенін білдірді. Референдум осы тұрғыда ел бірлігінің айқын көрінісін паш етпек.

Азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекет – Жаңа Қазақстанда мәслихаттардың рөлі, жауапкершілігі, олардың субъективтілігі мен дербестігі артады. Мәслихаттарға жергілікті жерлерде шешімдер қабылдау кезінде көбірек дербестік беру олардың сол өңірде қордаланған өзекті мәселелерді шешуіне мүмкіндік береді. Мәслихат депутаттарының 50/50 арақатынасымен сайлануының өзі азаматтардың мәслихаттарды жасақтауға тікелей қатысуына жол ашады. Мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібі өзгереді. Қазір мәслихат депутаттары Мемлекет басшысы ұсынатын бір ғана кандидатураға келісім береді немесе келісім бермейді. Ал референдум нәтижесі бойынша конституциялық реформалар қабылданған соң, Президент облыс және республикалық маңызы бар қала, елорда әкімі лауазымына кем дегенде екі үміткерді баламалы негізде ұсынады. Демек, Президент облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерін мәслихаттарда қарау нәтижесін ескеріп тағайындайды. Бірақ Мемлекет басшысының аймақ басшыларын мәслихаттардың келісімінсіз орнынан босату құқығы сақталады.

Саяси жаңғыру аясында мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуын қолдайтын азаматтар өз көзқарасын референдумда білдіре алады. Ең бастысы, мұндай маңызды оқиғаға әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Ол үшін туған жерінің, елінің өсіп-өркендеуін қалайтын әр азамат  референдумға  қатысуы  тиіс.

Конституциялық реформалар Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ұсынған саяси жаңғырту бастамаларын іс жүзіне асыру алғышартын анықтайды. Бүкілхалықтық референдум өткеннен кейін оның қорытындысы бойынша еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қабылданады.

Жаңа Қазақстанның жаңартылған Негізгі заңында бірінші кезекте азаматтық қоғамның, халықтың мақсат-мүдделері қарастырылған. Конституциялық сот құрып, оған жүгіну мүмкіндігін беру арқылы азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейту, Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесін конституциялық заңмен белгілеу арқылы оларға халықты құқықтық тұрғыдан күштірек қорғауға жол ашу және тағы басқа жаңашылдықтар қазақстандықтардың елдің ертеңіне деген сенімін арттыратыны сөзсіз. Сондықтан ұлт мүддесіне сай бастаманы қолдап, референдумда дауыс беру – әр қазақстандықтың өз  елінің  алдындағы  қасиетті  парызы.

Ерлік Шамғали,

«Жас Отан» жастар қанаты облыстық  филиалы төрағасының орынбасары:

8A9EA6C7-BC3B-499C-A0B7-FEC1EC46627A

–  Заңды енді Мәжіліс қабылдайды, Сенат  мақұлдайды. Көбі депутаттардың дұрыс  таңдалмайтынына наразы. Алдағы  уақытта депутаттардың тең жартысын  тікелей халық сайлайтын болады.  Аудандық және қалалық деңгейдегі  депутат атану үшін ешқандай партияның  құрамында болу міндеттелмейді. Білік-білімімізді кәдеге жарататын уақыт жетті.  Өлім жазасын алып тастайды.  Өмір  –  Алланың бізге берген сыйы.  Қылмыскерлерді Жаратушының өзі-ақ  жазалайды. Әрине, жантүршігерлік  қылмыс жасағандарды қоғамнан  алысырақ ұстаған жөн. Жергілікті  тұрғындардың 50%-ы дауыс бермесе,  өзгерістердің ешқайсысы заңды тұрғыда  қабылданбайды. Сондықтан маңызды  оқиғаға бір кісідей атсалысып, өзгеріске,  жаңашылдыққа ұмтылайық!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале