28.04.2022, 9:15
Оқылды: 35

Жанашыр жастар

Металлургия және спорт ардагері, велоспорттан елімізге еңбегі сіңген бапкер Асқар Шораев  ақсақал біраз жылдан бері Орал қаласында тұрады. Бүгіндері ғұмыр жасы 85-ке таянса да, Асқар Ишанұлы – жаяу  жүріп, велосипедпен серуендеп, ара-арасында балық аулап, күзде құс ату үшін саятқа шығып тұратын жаны-тәні сергек қария. Жақында Асқар ағай редакцияға хабарласып, волонтерлікпен айналысатын жанашыр жастарға  ризашылығын білдірді.

f37c54cd-c748-4052-a97f-2dac6d4d28dd

– Өз  басым қаршадайымнан қара жұмыс істеп, жас кезімде жылдар бойы спортпен белсенді айналысып, оған қоса Қазақстан магинкасында жұмыс істеп шыныққан жанмын. Сөйте тұра, «Кәрілікке дауа жоқ» деген ғой бұрынғылар. Сірә, содан болса керек, кейде алақандай ауланы тазалауға шама келмей қалады. Өткен аптада өзімде телефон нөмірі бар волонтер болып жүрген балаларыма хабарласқанмын. Ән сағатта төрт-бес жігіт жетіп келіп, әп сәтте біздің үйдің ауласын тап-тұйнақтай қылды. Осы қолғабыстары үшін Айбек Асқаров, Нұрлан Қосанов, Әділ Болатов, Нұрғали Батырғалиев, Аманат Бектұрсынов деген қайырымды балаларыма дән ризашылығымды білдіріп, аталық алғыс айтамын. Бұл жігіттердің ішінде Аманат Орал қалалық жастар ресурс орталығының қызмет­кері,  ал қалған төртеуі БҚУ мен БҚИТУ-дың студенттері. Аман жүріңдер, айналайындар! Әрдайым дендерің сау, тең құрбыларыңның алды болып, мұрат-мақсаттарыңа жете беріңдер! - деп алғысын жаудырды Асқар ақсақал.

«Әрине, рақметімді көзбе-көз де айттым ғой. Дегенмен «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!» деген бар емес пе, менің осы алғысымды газет арқылы да балаларыма жеткізіңдер» деген ардагердің аманатына қиянат жасамай, біз бүгін қарияға берген уәдемізді орындап отырмыз.

Редакция алқасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале