14.09.2024, 17:00
Оқылды: 100

Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да спорттық іс-шара өтті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Денсаулық фестивалі» аясында «Сергек бол» спорттық іс-шарасы өтті.

IMG_8742

Дәстүрлі шараны университеттегі «Сұңқар» спорт клубы облыстық «Ақ отау» отбасы орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырды. Сонымен қатар шараның ашылу салтанатына облыстық прокуратура және денсаулық сақтау басқармасы өкілдері қатысты.

Іс-шараға қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған «Ақ отау» отбасы орталығының төрайымы Алтынай Искалиева өз сөзінде ел болашағы – жастардың денсаулығы, күш-қайраты мықты болу керек екенін айтты. БҚО денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Анаргүл Нұрболатқызы жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндесе, облыс прокурорының орынбасары Азамат Кустанов денсаулыққа зиян келтіретін нашақорлық, есірткі сынды заттардан аулақ болуға шақырды.

IMG_8784

«Сұңқар» спорт клубының директоры Рауан Турдалиевтің мәліметінше, жыл сайын өткізілетін «Сергек бол» шарасының мақсаты – бірінші курс студенттерін бір-бірімен таныстыру, достық қарым-қатынастарын нығайту, спорттың әр түріне деген қызығушылықтарын арттыру.

IMG_8813

Бұдан әрі биыл студент атанған төрт институттың білім алушылары спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, арқан тарту, қол күресі, эстафеталық сайыс секілді түрлерінен өзара сайысқа түсті. Жалпы бұл шараға 500-ден астам студент қамтылды. Шара соңында институт командаларына спорттың әр түрінен жүлделі орындар белгіленді.

БҚАТУ медиа орталығы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале