5.03.2025, 15:30
Оқылды: 481

Жәңгір хан атындағы университетте әр бейсенбі – Этностиль күні

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде аптаның бір күні "этностиль күні" болып белгіленді.

foto-38

Соңғы кездері ұлттық нақыштағы киім үлгілері сәнге айнала бастағаны көңіл қуантады. Ұлттық құндылықтарды қолдайтын Жәңгір хан университетінің оқытушылары мен білім алушылары әр бейсенбі сайын оюлы кәжекейлері мен шапандарын, зерлі тақияларын киіп, өз ұлтымыздың қайталанбас ерекшеліктерін паш етіп жүр.

Этностиль күні университет қызметкерлерінің және белсенді студенттердің мұрындық болуымен жүзеге асырылуда. – Ұлттық киім кез келген адамға жараса кетері сөзсіз. Ал егер ұжым болып, түгелдей бір оқу орны болып, ұлттық нақышта киініп жүрсек, өзгелердің де патриоттық сезімін оятуға ықпал етеміз. Сондықтан ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, қазақы қалпымызда салт-дәстүрлерімізді насихаттағанымыз дұрыс, - дейді университеттегі "Жастар бастамасын дамыту орталығының" директоры Қанат Досмағамбетов.

Осылайша БҚАТУ ұжымы мен студент-жастары Наурыздың тойлануын, ұлттық киімдер күнінің келуін күтпей-ақ, білім ордасын сұлулық пен сәнге толтыруда. Тағы бір айта кетерлігі, Жәңгір хан университетінде ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған дәстүрлі «Жеті қазына» жобасы аясында бірнеше бағыт бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Онда ұлттық салт-дәстүрлеріміз, ұлттық мәдениетіміз бен өнеріміз, ұлттық ойындарымыз көрініс табуда.

WhatsApp Image 2025-03-05 at 12.53.18

WhatsApp Image 2025-03-05 at 12.53.39

БҚАТУ медиа орталығы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале