5.01.2024, 13:00
Оқылды: 90

Жәңгір хан университетінің ғалымы Қытай еліндегі симпозиумға қатысып жатыр

Қытай Халық Республикасының Санья қаласында 4-6 қаңтар күндері Хуншалин халықаралық көрме орталығында (Хайнань провинциясы, Қытай) ауыл және мал шаруашылығын дамыту жөнінде халықаралық қос симпозиум ұйымдастырылуда.

Шамшидин

Осы шараға Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық униерситетінің ғылым жөніндегі проректоры Әлжан Шәмшідін қатысып жатыр. Ғалым Әлжан Смайылұлы «Қазақстанда қазақтың ақбас тұқымын өсіру» тақырыбында баяндама оқып, аталмыш тұқымның ерекше қасиеттерімен таныстырды.

Аталған симпозиумда Қытай Коммунистік партиясының Бас хатшысы Си Цзиньпин ауыл шаруашылығын дамыту, елден және шетелден ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдардың ресурстарын біріктіру, ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе алмасу және ынтымақтастық үшін халықаралық платформа құру туралы сөздерін нақты жүзеге асыру мақсатын көздейтінін айтты.

Оған Қытайдан және өзге мемлекеттерден 56 академик қатысып, 39 баяндама жасалса, сондай-ақ университет декандары мен ректорлары 40-тан астам негізгі баяндамаларын оқыды. Сонымен бірге 200-ден астам аграрлық университет пен ғылыми-зерттеу институтының басшылары қатысуда.

Қытайдан және басқа елдерден келген ауыл шаруашылығы саласындағы 3000-ға жуық шенеунік, ғалым мен сарапшы, кәсіпкер мен индустрия өкілдері белсенді қатысқан Саньядағы халықаралық симпозиум ғылым мен өнеркәсіп саласында технологиялар мен тәжірибе алмасу үшін өте ықпалды іс-шараға айналды.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале