3.01.2024, 11:30
Оқылды: 15

Жәңгір хан университетінің жас ғалымы үздік оқытушы атанды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің оқытушысы, «Электротехника және автоматика» жоғары мектебінің жетекшісі Ербол Ербаев 2023 жылғы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Ербаев фото

Жас ғалым Ербол Төлегенұлы 2003 жылдан бері Жәңгір хан университетінде қызмет атқарып келеді. Еңбек жолында университетте ұстаздық етумен қатар Жастар комитетінде белсенді жұмыс жасады. «Заман»жастар қоғамдық бірлестігіне төрағалық етті. Өзінің білімін жалғастырып, магистратурада және аспирантурада оқыды.

2022 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының грантын ұтып алып, Белоруссия мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша алты ай тағылымдамадан өткен болатын.

Тағылымдама тақырыбы – «Тұтынушыларды автономды электр қондырғысынан электрмен жабдықтау үшін басқару жүйесін әзірлеу».

Яғни, отандық аграрлық салаға қажет дүние.

Шет елден оқып-үйреніп келген білімін отандық ғылымды дамытуға жұмсап жүрген Ербол Төлегенұлы 2023 жылдың қорытындысы бойынша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауында бағын сынап, жеңімпаздар қатарына ілікті.

БҚАТУ

медиа орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале