Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің білім алушылары бүгін республикалық экологиялық жастар челленджіне нақты істерімен қолдау көрсетті.
БҚАТУ студенттері жалпықалалық санитарлық-экологиялық айлығы аясында республикалық «EkoStudentKZ» экологиялық жастар челленджіне қолдау білдіріп, сенбілікке шықты. Тазалық іс-шарасы барысында 500-ден астам студент университет аумағын, мемлекеттік маңызы бар Орал-Саратов тас жолының бойын және Зашаған кентіндегі белгіленген аумақтарды күл-қоқыстан арылтып, белсенділік танытты.
БҚАТУ жастары аталған экологиялық челленджі Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне жолдады.
БҚАТУ медиа орталығы