17.06.2025, 10:30
Оқылды: 134

Жәнібек аудандық соты арыз беруші Ж. жұбайының қайтыс болу фактісін анықтау туралы азаматтық істі қарап, аяқтады

Арызданушы қайтыс болған адаммен заңды некеде болған. 2014 жылғы 7 сәуірде күйеуінің аурудан қайтыс болғанын растайтын медициналық өлім туралы анықтаманың, белгіленген үлгідегі сот қаулысының болмауына байланысты АХАЖ органдарында қайтыс болуды тіркеуден бас тартылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының телеграм каналы жазды. 

edf339b8-209d-40fd-9688-b1e0a9ed7294

Сурет: telegram.org

Сотта арыз беруші арызын қуаттап, 1972 жылы 14 қыркүйекте туылған жұбайының қайтыс болған фактісін анықтауды сұрады.
Мүдделі тұлғаның өкілі іс бойынша шешімді соттың қарауына қалдыратынын көрсетті. Жәнібек ауданының полиция бөлімінің анықтамасында азамат С-тің 2014 жылдың 07 сәуірде қайтыс болғандығы туралы хабарлама түскен, алайда қылмыстың құрамы болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмаған деп көрсетілген. Куәлар қайтыс болған азамат біреуіне туыс болып келетінін, ал екінші куә оны танығандығын айтты. Қайтыс болған азамат аурып қайтыс болғанын, және жерлеу рәсіміне қатысқандарын сотқа айтты.
Сот көрсетілген дәлелдемелердің барлығын зерттеп, арыз берушінің азаматтың қайтыс болу фактісін анықтау туралы арызын қанағаттандырды.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале