Жәнібек ауданында ауа температурасының күрт жылынуы, қардың қарқынды еруі және жауын-шашынның жаууы нәтижесінде 2 елді мекенді еріген қар суы басты:
1) Жақсыбай ауылында шамамен 170 тұрғын үйді (60%) су басты, ЖАО және Шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланды, оның ішінде 305 адам (оның ішінде 89 бала) «М. Б. Ықсанов атындағы балабақша мектеп-кешені» КММ және 332 адам (оның ішінде 70 бала) туыстарының үйлеріне орналастырылды;
2) Таловка ауылында 2 тұрғын үйді су басты, ТЖД, ЖАО күшімен 8 адам (оның ішінде 2 бала) туыстарына орналастырылды.
ТЖД, ЖАО, Шекара қызметі күшімен аулаларды аралап, тұрғын үйлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кезекшілік ұйымдастырылды.
ТЖД (5 қызметкер және 1 мотопомпа), ЖАО (142 қызметкер және 11 бірлік техника), Шекара қызметі (15 әскери қызметші және 2 бірлік техника) шықты.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен қосымша Батыс Қазақстан облысына МИ-8 тікұшағы қажетті құрал-жабдықтармен қоса 12 құтқарушы, күштер мен құралдардың топтамасы және автокөлікпен күштер мен құралдардың топтастырылуымен, жеке құрамнан 34 адам және 4 бірлік техника жіберілді.
Сондай-ақ, облыс орталығынан жеке құрамнан 20 адам және 3 бірлік техникадан тұратын қосымша күштер мен құралдар қалыптастырылды.
Батыс Қазақстан облысының ТЖ басқармасының баспасөз қызметі