1.12.2022, 12:31
Оқылды: 69

Жантөрин театры – Орал төрінде

Орал қаласындағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында үш күнге созылған Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының гастрольдік сапары аяқталды.Орал қаласындағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында үш күнге созылған Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының гастрольдік сапары аяқталды.

IMG-20221201-WA0020

​Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева бастаған өнер өкілдері батысқазақстандық көрермен назарына ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш зиялыларының асқақ рухын әспеттейтін реквием жанрындағы Н.Сауданбекұлының «Әлиханның аманаты» (реж. Г.Мирғалиева), Балалар жылына орай арнайы Б.Соқпақбаевтың повесі желісімен қойылған «Менің атым Қожа» (реж.Ф.Молдағали), Ә.Кекілбайұлының «Шыңырау» (реж.С.Потапов) спектакльдерін ұсынды. Ал балғын көрермендер Ағайынды Гриммдердің «Белоснежка және жеті гном» ертегісін тамашалады.

IMG-20221201-WA0017

Гастрольдік сапар қорытындысында Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры Нұржан Тасболатов сөз алып, маңғыстаулық театр ұжымына естелік сыйлық табыстады.

IMG-20221201-WA0018

Өз кезегінде Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының директоры Гүлсина Бақытжанқызы батысқазақстандық көрермендерге алғысын жеткізіп, ұжымға алғыс хат пен Әбіш Кекілбайұлының 12 томдық кітабын табыс етті.

​Батысқазақстандықтар Жантөрин театры әртістері ұсынған қойылымдарды жылы қабылдап, үлкен әсермен тарқасты.

Хадиша Бөкеева атындағы облыстық

қазақ драма театрының ақпарат бөлімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале