18.07.2023, 10:15
Оқылды: 170

Жарайсың, Рахат!

 

Әлеуметтік желілерде қазақ баласы еңгезердей жігіттермен қол күрестіріп, барлығын жеңгені бейнеленген бейнеролик тарады. Оқиғаның Америкада болып жатқанын бірден аңғаруға болады.

2361e0d8-4c98-4694-8ff4-7986a7ce9b38

Бейнебаян астына пікір қалдырған қалың оқырман қазақ жігітінің білек күшіне тамсанып, өнеріне сүйсінуде. Анықтай келе, әлгі жігіт біздің өңірдің тумасы болып шықты. Аты-жөні – Рахат Қабылов. Жәнібек ауданына қарасты Талов ауылының перзенті екен. 1999 жылы дүние есігін ашқан Рахат жастайынан армрестлингпен айналысады. Алғашқы бапкері – жәнібектік Эльдар Хамзин. Біраз жыл ауылда спортпен шұғылданған. Қалаға келген соң білікті бапкер Мұрат Ибатовтың қоластында шеберлігін шыңдаған.

2016 жылы ҚР Оқушылар спартакиадасында, 2017 жылы ҚР Кубогі жарысында жеңімпаз атанған. 2018 жылы ел біріншілігінің қола жүлдегері, 2019 жылы Азия шемпионатының күміс жүлдегері атанған. Азия кубогінің иегері, әлем кубогінің күміс жүлдегері деген атағы және бар. Сондай-ақ  Румынияда өткен Әлем шемпионатында ел намысын  қорғаған.

«Жастайынан шетелдерге саяхаттасам» деген арманы болған Рахат бүгінгі таңда АҚШ-та тұрып  жатыр.

 

Арал Болпышұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале