2025 жылы Қазақстанда мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдермен барлығы 508 мың азамат қамтылды. Бұл мақсатқа жалпы 692 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бала тууына берілетін жәрдемақы
2025 жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 51,7 млрд теңге бөлініп, 286 мың адам бала туғаны үшін төлем алды. Тек қазан айының өзінде бұл жәрдемақыны 28,5 мың азамат (5,2 млрд теңге) алған.
Бұл төлемге Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ елде тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады.
Жәрдемақы мөлшері:
Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын азаматтарға арналған жәрдемақы:
Жүктілік пен босануға байланысты төлем
Жұмыс істейтін әйелдерге арналған бұл төлем 12 айдағы орташа кіріс пен еңбекке жарамсыздық парағындағы күндер санына қарай есептеледі.
Жыл басынан бері бұл төлемді 175,1 мың әйел алды. Жалпы төлем көлемі – 245,3 млрд теңге. 2025 жылы төлемнің орташа мөлшері – 1 457 321 теңге.
Бала күтімі бойынша төлем
Бұл төлем кірістен айырылуды өтеу үшін тағайындалады және соңғы 2 жылдағы орташа айлық жалақының 40%-ы ретінде есептеледі. Егер бірнеше бала дүниеге келсе, төлем әр балаға жеке есептеледі.
10 айда бұл төлемді 208,2 мың адам алды. Төлем сомасы – 358,6 млрд теңге. Ай сайынғы орташа төлем – 86 493 теңге.